ҚОҚ ШІЛДЕ АЙЫНДА 50 МЛРД ТЕҢГЕ СОМАСЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 40 млрд теңге сомасына KZ2C00009371 облигациялары мен 10 млрд теңге сомасына KZ2C00007581 облигацияларын өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 5,95 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда өтелген облигациялардың жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жетті.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Шілде 16, 2024