ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2023 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық міндеттерін іске асыру мақсатында Қор өз қызметін келесі үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:

  1. Қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
  2. Экономиканы мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға қатысу
  3. Тиімді және орнықты Қор құру

Осылайша, қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Қор:

  • ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасына қатысатын екінші деңгейдегі банктердің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне үздіксіз мониторинг жүргізеді, бұл ретте 2023 жылдың қорытындысы бойынша осы банктердің қаржылық нәтижелері оң серпінді көрсетті, оның ішінде олардың жиынтық активтері 12%-ға, жиынтық меншікті капиталы 38%-ға өсті;
  • Қатысушыларына инвестициялау үшін сапалы құрал ұсына отырып, 2023 жылы жалпы сомасы 365 млрд теңгені құрайтын облигацияларды орналастыра отырып және бұрын шығарылған 354 млрд теңге сомасына облигациялар бойынша міндеттемелерді өтей отырып, қазақстандық бағалы қағаздар нарығының дамуына ықпал етеді;
  • 2023 жылы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жалғыз тұрғын үйді сақтап қалу және халықтың кредиттік берешегін азайтуға жәрдемдесу мақсатында 2 344 қарыз алушыны жалпы сомасы 28,7 млрд теңгеге қайта қаржыландырды;
  • Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы шеңберінде 2,6 млн салымшының өтемақысын төлеу үшін 153,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

2023 жылы Қор экономиканы мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуын жалғастырды, бұл ретте Қор:

  • Ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары бойынша 177,5 млрд теңгеден астам сомаға 11,5 мыңнан астам қарыз сатып алды, бұл ретте екінші деңгейдегі банктер «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 99,9 млрд теңге сомасына қарыз берді, бұл 6 мыңнан астам отандасқа жаңа тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына 10 млрд теңге сомасында қаржылық қолдау
    көрсетті;
  • Автокредит беру бағдарламасы аясында 12,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, бұл 1,3 мың қазақстандыққа отандық автокөліктерді сатып алуға мүмкіндік берді.

Үйлесімді жұмыстың қорытындысы – Қор 2023 жылы 92 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алды, бұл реттегі тиімділік көрсеткіштері: ROA – 2,3%, ROE – 3,3% болды.

Стратегиялық бағыттардағы жетістіктерден бөлек, Қор өз қызметінде орнықты даму мен ұжымдық-әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сүйенеді.

Қордың 2023 жылға арналған Жылдық есебімен МЫНА ЖЕРДЕ таныса аласыз

Posted by / Шілде 5, 2024