ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2022 ЖЫЛҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ БІРІНШІ ӨТЕМІН ЖАСАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжам «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) 10 млрд теңге сомасына облигацияларды уақытында өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы 976 388 889 теңгені құрады. Өтеу мерзімі 370 күндік бағалы қағаздар (KZ2C00007458) 2021 жылдың 4-ші маусымында биржаға шығарылған болатын. Купондық кірістілігі 9,5% құрады. Облигациялар нарықтық инвесторлар – екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары және брокерлік ұйымдар арасында сатылды.

Бұл ҚОҚ облигацияларының биылғы бірінші өтелуі. Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап өтелген ҚОҚ облигацияларының жалпы көлемі 330 млрд теңгеге жетіп отыр.

ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Облигациялар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына кіреді және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпорны болып табылады.

Posted by / Маусым 14, 2022

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ІСКЕ АСЫРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ КОНКУРСТЫҚ БӨЛУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚР ИИДМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ БОЙЫНША «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

БАҚ беттерінде жарияланған, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Шымкент қаласында тұрғын үйді үлестіру бойынша тергеу басталғаны туралы мәлімдемесіне сай, «Қазақстан орнықтылық қоры» ҚР ИИДМ мен Шымкент қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері осы тақырып туралы сұхбат бергенде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орнына «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын шатастырып айтып жүргендерін хабарлайды.

«7-20-25» бағдарламасының шарттарында тұрғын үй салу және оны бөлу бойынша конкурстар өткізу қарастырылмаған.

Шымкент қаласында анықталған қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен. Оның «7-20-25» бағдарламасына еш қатысы жоқ.

Posted by / Мамыр 25, 2022

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ІСКЕ АСЫРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ КОНКУРСТЫҚ БӨЛУГЕ ҚАТЫСТЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ МӘЛІМДЕМЕСІ

«7-70-25» бағдарламасының операторы болып табылатын «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ипотекалық бағдарлама шарттарында тұрғын үй салу және оны үлестіру бойынша қандай да бір конкурстар өткізу қарастырылмағанын хабарлайды.

Теріс ұғымдар мен түсініктер қалыптаспас үшін, Шымкент қаласында анықталған қателіктер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттарына еш қатысы жоқтығын мәлімдейміз. Қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен.

7-20-25 бағдарламасына қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Атында баспананың болмауы;
  • Басқа ипотекалық тұрғын үй несиелерінің болмауы;
  • Еңбек не кәсіпкерлік қызметтен түсетін ресми расталған табыс.

Ипотекалық несие шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлеме – 7%, алғашқы жарна – үй құнының 20%-ынан бастап, мерзімі – 25 жылға дейін.

Posted by / Сәуір 25, 2022

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ: 42 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫ ҮЙ АЛДЫ

Қазақстанда «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын іске асыру жалғасып келеді. Ипотекалық бағдарлама белгіленген лимит – 1 триллион теңгеге жеткенге дейін жұмыс істемек.

Бүгінгі таңда жоспарланған 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілді. Демек, «7-20-25» бағдарламасының әлі 466 миллиард теңге резерві бар.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға ғана несие береді. Ең көп ипотекалық қарыз Нұр-Сұлтан қаласында берілді. 212,2 млрд теңге сомасына 14 232 кредит. Алматыда – 127,5 млрд теңге сомасына 8 912 кредит, Шымкентте – 33 млрд теңге сомасына 2 843 кредит берілді.

Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтардың көпшілігі ақшаны үнемдеу үшін және таңдау көп болғандықтан құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді брондауды қалайды.

Осы тұста өте мұқият болу керек. Кейбір құрылыс компаниялары сатып алушылардың ақшасын жинап алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының талаптарына сәйкес келмейтін тұрғын үй сатып алудың әртүрлі схемаларын ұсынады. Тұрғын үй сатып алудың бұл жолында ақша жоғалту қаупі бар. Осыған байланысты, азаматтардан әр қадамын таразылап барып қана, шешім қабылдауын сұраймыз.

Ипотекалық бағдарламаның талаптарында баға лимиті белгіленген. Сатып алынатын тұрғын үйдің бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңы аймақтарын қоса алғанда), Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден және қалған өңірлерде 15 млн теңгеден аспауы тиіс.

«7-20-25» бағдарламасы халықтың барлық санаттарына арналған. Атында тұрғын үйі жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар елдің кез келген азаматы ипотека ала алады.

Posted by / Сәуір 18, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ӨЗ ИНВЕСТОРЛАРЫНА КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006476 облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 4 250 000 000 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 85 теңге болды.

Бес жылдық облигациялар 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 10 сәуірде шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Сәуір 11, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ 10 ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯ БОЙЫНША КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007334 облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 1 425 000 000 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Он жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 15 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 5 наурызда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Наурыз 5, 2022

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР! ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ АТЫНАН ЖАЛҒАН КЕПІЛДІК ХАТТАРЫН ҚОЛДАНҒАН АЛАЯҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР АНЫҚТАЛДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) басшылықтың қолы қойылған және Қордың мөрімен расталған жалған құжаттарды үшінші тұлғалардың тарату жағдайлары анықталғаны туралы ескертеді. Атап айтқанда, алаяқтар азаматтарға Қор атынан меншікке беру кепілдігі туралы және жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу туралы жалған кепілдік хаттар берумен айналысқан.

Осыған байланысты, Қор қандай да бір кепілдік хаттарды беруді жүзеге асырмайтынын мәлімдейміз. Қор «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының (бұдан әрі – Бағдарламалар) операторы болып табылады және осы бағдарламалар аясында тек банктермен өзара қарым-қатынас жасайды. Қор жеке тұлғалармен жұмыс істемейді, құрылыс саласына араласпайды және өз балансында жылжымайтын мүлік ұстамайды.

Азаматтарды қырағы болуға шақырамыз. Егер белгісіз жандар сізге Қор атынан қандай да бір хаттар, анықтамалар бергеніне куә болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Сұрақтар мен күдік туындаған жағдайда +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша Қордың call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз (оператормен қосылу үшін 0-ді теріңіз).

Posted by / Наурыз 1, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ИНВЕСТОРЛАРҒА 8,5 МЛРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006484 облигациялар бойынша екінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 8 500 000 000 теңге құрады. Бір купонның кірісі 85 теңге болды.

Үш жылдық облигациялар 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 100 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 27 ақпанда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Ақпан 28, 2022

«7-20-25» САНДЫҚ ИПОТЕКАҒА АЙНАЛДЫ. БАҒДАРЛАМАҒА FREEDOM FINANCE BANK ҚОСЫЛЫП ОТЫР

Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасының қатысушысы болды. Қазақстанның орнықтылық қоры мен «Фридом Финанс Қазақстан Банкі» АҚ арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасын өзінің цифрлық ипотекасы негізінде іске асырмақ. Осылайша, азаматтар «7-20-25» бағдарламасының жеңіл шарттарын пайдалана отырып, онлайн режимде құрылыс компаниясынан пәтер таңдап, ипотеканы рәсімдей алатын болады.

«Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасының мүмкіндіктері мен ауқымын кеңейтеді. Тұрғын үй бағдарламасының жеңілдіктері мен банктің цифрлық технологиялары азаматтардың қолайлығын, жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді «, – деді «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков.

«7-20-25» бағдарламасының артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша – жылдық 7%, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20 пайызын құрайды. Несиелеу объектісі – бастапқы жылжымайтын мүлік. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды үшін 20 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге. Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша 471 млрд теңге сомасына 38 052 қарыз берілді.

Осылайша, «7-20-25» бағдарламасына екінші деңгейдегі 9 ірі банк қатысады: ЦентрКредит Банкі, Сбербанк, Халық банк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan bank, ForteBank, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.

Freedom Finance Bank арқылы «7-20-25» ипотекасын алу мәселелері бойынша толық кеңесті 595 нөміріндегі Call-орталық арқылы алуға болады.

Posted by / Ақпан 24, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 4,75 МЛРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007326 облигациялар бойынша бірінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 4 750 000 000 теңге құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Жеті жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 12 ақпанда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Ақпан 14, 2022