2023 ЖЫЛДЫҢ II ТОҚСАНЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 923,3 млрд теңгеге 68 593 несие берілді. Оның ішінде Астанада 384,9 млрд теңгеге 24 583 несие, Алматыда – 210,4 млрд теңгеге 13 664 несие, Шымкентте – 63,6 млрд теңгеге 5 193 несие, Қарағанды облысында – 49,1 млрд теңгеге 3 976 несие, Ақтөбе облысында – 29,1 млрд теңгеге 3 029 несие берілді.

Еске салайық, 2023 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыру лимиті бекітілді. Сома тоқсандар бойынша біркелкі бөлінеді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Бағдарламаның серіктес банктері үшін 25 млрд теңге көлемінде үшінші тоқсанның лимиті күшіне енді.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

«7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ.

Posted by / Шілде 11, 2023

МАУСЫМ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 70 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның орнықтылық қоры жалпы сомасы 70,0 млрд теңгеге облигациялардың үш шығарылымын өтеп, бағалы қағаздарды ұстаушыларға бес шығарылым бойынша 11,5 млрд теңге сомасында купондық сыйақы төледі.

ҚОҚ өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда және облигацияларды одан әрі орналастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Маусым 20, 2023

АЛАЯҚТАР ЖАЛҒАН ХАТТАР ТАРАТУДА. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚЫРАҒЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) алаяқтардың Қор атынан жалған хаттар таратып, сол арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге әрекет жасап жатқандығын ескертеді. Атап айтқанда, алаяқтар азаматтарға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру және меншік құқығын тіркеуге кепілдік беру бойынша Қор басшыларының атынан жалған кепілдік және ақпараттық хаттар таратуда.

Қор ешкімге ешқандай хаттар бермейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Қор «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының операторы болып табылады және тек екінші деңгейлі банктермен ғана жұмыс істейді. Қор жеке тұлғалармен жұмыс жүргізбейді, тұрғын үй нысандарының құрылысына қатыспайды және балансында тұрғын үй мүлкі жоқ.

Осыған байланысты азаматтарды қырағылыққа шақырамыз. Ешқашан ешкімге ақша бермеңіздер. Қор атынан белгісіз біреулердің хаттар немесе анықтама құжаттар беріп жүргенін көрсеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сұрақ, не күдік туған жағдайда, Қорға +7 (727) 277-20-25 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Posted by / Мамыр 23, 2023

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы аясында 24,4 млрд теңгеге 1 501 несие берілді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 0,6 млрд теңге сомасындағы несиелік өтінімдер өңдеу сатысында тұр.

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2023 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша 899,3 млрд теңгеге 67 137 несие берілді. Оның ішінде Астанада 373,6 млрд теңгеге 23 942 несие, Алматыда – 204,6 млрд теңгеге 13 340 несие, Шымкентте – 62,2 млрд теңгеге 5 117 несие, Ақтөбе облысында – 28,6 млрд теңгеге 2 981 несие, Ақмола облысына – 27,6 миллиард теңгеге 2 775 несие берілді.

Еске салайық, 2023 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыру лимиті бекітілді. Сома тоқсандар бойынша біркелкі бөлінеді. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның серіктес банктері үшін 25 млрд теңге көлемінде екінші тоқсанның лимиті күшіне енді.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

«7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ.

Posted by / Сәуір 7, 2023

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 108,5 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

Ақпан айында «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 108,5 млрд теңге сомасына KZ2C00006484 үш жылдық облигацияларын өтеді.

Бүгіндері Қазақстандық орнықтылық қоры корпоративтік эмитенттердің арасында бағалы қағаздар нарығының ең белсенді қатысушысы болып танылды. Қор KASE-де орналастырылған корпоративтік облигациялардың 60% үлесіне ие. 2023 жылы бір, екі, үш, бес және жеті жылдық облигацияларды орналастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында жоғары сұраныс алып отыр.

Қор бекітілген мөлшерлемелі облигациялармен қатар TONIA индикаторымен байланысты өзгермелі купондық мөлшерлемесі бар облигациялар орналастырады. Ол инвесторға пайыздық тәуекелден қорғауды, оң спрэдпен тәуекелсіз мөлшерлеме деңгейінде табыстылық пен қайта инвестициялау қажеттілігінен айрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Ақпан 28, 2023

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

«7-20-25» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. 2023 жылға лимит 100 млрд теңге болып бекітілді.

2018 жылдан бастап қолданылып жүрген механизмге сәйкес, банктер өз ішкі құжаттарына сай қарыз алушының Бағдарламаға сәйкестігін, оның төлеп қабілеттілігін бағалайды және несие береді.

Бағдарламаның операторы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктер берген кредиттерді сатып алу жолымен жұмыс істейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана несие беріледі. Айта кету керек, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді алдын-ала брондау азаматқа «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие алады дегенге ешқандай кепілдік бермейді.

Қазіргі уақытта азаматтардың көпшілігі серіктес банктерге тұрғын үй әлі таңдалмаған немесе пайдалануға берілмей тұрса да жүгінуде. Бұл банктерде негізсіз кезектің пайда болуына әкеліп соқты. Және екінші деңгейлі банктердің скоринг жүйесіне ауыр салмақ түсіруде.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ азаматтардан таңдаған тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда ғана банктерге жүгінуді сұрайды.

Сондай-ақ, азаматтар «7-20-25» бағдарламасына бір рет қана қатыса алатынын атап өтеміз. Яғни, егер азамат бұған дейін азамат осы бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алған болса, оның жаңа өтінімі мақұлданбайды. Бағдарлама шарттары туралы толығырақ ақпаратты https://baspana72025.kz сайтынан білуге ​​болады.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мәліметі бойынша, 2023 жылдың басынан бері 10 ақпанға дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 11,2 млрд теңгені құрайды. Кредит серіктес банктер: Банк ЦентрКредит, Халық Банкі, Банк Freedom Finance Қазақстан, РБК Банк, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank арқылы берілген.

Posted by / Ақпан 10, 2023

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2023 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОБЛИГАЦИЯ ӨТЕЛІМІН ІСКЕ АСЫРДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 22 012 128 000 теңге сомасына KZ2C00008019 облигацияларын өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы 2 091 152 000 теңгені құрады.

Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ облигациялық бағдарламасы инвесторларға бекітілген және құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен құнды қағаздар ұсынады.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қаңтар 24, 2023

«7-20-25» ИПОТЕКАЛЫҚ КРЕДИТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 Қаулысымен қабылданды.

2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді деп көзделіп отыр.

Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады.

2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 млрд теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілді.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.

Қаулының толық мәтінімен ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі https://www.nationalbank.kz/kz/news/novosti/14734

Posted by / Желтоқсан 23, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 30 МЛРД ТЕҢГЕГЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) KZ2C00008027 облигациялары бойынша 30 млрд теңге сомасына облигацияларды өтеп, инвесторларға 2,8 млрд теңге купондық сыйақы төледі.

Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Желтоқсан 2, 2022

FITCH ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН «ВВВ» ДЕҢГЕЙІНДЕ, «ТҰРАҚТЫ» БОЛЖАММЕН РАСТАДЫ

Fitch Ratings Қазақстанның орнықтылық қорының (ҚОҚ) шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін (РДЭ) «BBB» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты».

ҚОҚ 2017 жылы құрылған. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) болып табылады.

Қор суверенді деңгейде жоғары инвестициялық тартымдылықты сақтайды.

Қор қызметін рейтингтік бағалау аудиттелген қаржылық есептілікпен, тұрақты қаржылық көрсеткіштермен, оңтайландырылған бизнес-процестермен және қор нарығындағы тұрақты позициялармен расталады.

Рейтингтің суверенді деңгейі «7-20-25. Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында биржада орналастыратын облигацияларға деген инвесторлардың сенімін нығайтады.

Қордың облигациялары нарық субъектілерінің, оның ішінде жеке тұлғалардың арасында орналастырылады.

Өз қызметінде жоғары стандарттарды сақтай отырып, Қор TONIA индикаторына бекітілген тұрақты және құбылмалы мөлшерлемелері бар облигацияларды орналастыру арқылы ағымдағы және жаңа әлеуетті инвесторлармен сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастыруда.

 

Fitch Ratings ресми мәлімдемесінің толық мәтініне сілтеме: https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-jsc-kazakhstan-sustainability-fund-at-bbb-outlook-stable- 25-11 -2022 ж