ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 3 325 000 000 ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007300 облигациялар бойынша бірінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 3 325 000 000 теңге құрады.

Үш жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 35 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 29 қаңтарда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Қаңтар 31, 2022

«7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРЫНА 90 КҮНГЕ ДЕЙІН МЕРЗІМ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Басқармасының шешімімен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламаларының клиенттеріне айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 90 күнге дейін төлемді кейінге қалдыру ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі бекітілді. «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша төлемді кейінге қалдыру осы тәртіп шеңберінде қолданылады.

Тәртіпке сәйкес Банктер төлемдерді 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды ұсынады.

Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихына әсер етпейді. Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке еркін түрде  өтініш білдіру керек. Өтініш электрондық поштаның, «банк-клиент» онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның, басқа да байланыс құралдарының көмегімен немесе қарыз алушының банк бөлімшесіне келуі арқылы беріледі. Өтініштерді қарастыру мерзімі он жұмыс күнін құрайды.

Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Қаңтар 24, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2022 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00007318 облигациялары бойынша бірінші купонның уақтылы төленгені туралы хабарлайды. Төленген сыйақы сомасы 4 750 000 000 теңгені құрады.

Купон ҚОҚ-тың бес жылдық облигациялары бойынша төленді. Бір облигациядан түскен табыс 95 теңгені құрады. Аталған бағалы қағаздар 9,5% жылдық кірістілікпен 50 млрд теңге сомасында нарыққа шыққан болатын. Облигацияларды нарық ойыншылары: екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары және брокерлік ұйымдар сатып алды.

Бұл осы қаржы жылындағы бірінші купондық төлем. 2021 жылы ҚОҚ инвесторларға 71,4 млрд теңге сыйақы төлеген болатын. Ал Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап өтелген ҚОҚ облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үші, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Қаңтар 24, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ KZ2C00006336 ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00006336 облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 2 550 000 000 теңге құрайды.

Купон бір облигацияға 85 теңге кіріс сомасымен үш жылдық облигациялар бойынша төленді. ҚОҚ облигациялары 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 30 млрд теңге сомасына 2019 жылғы 26 желтоқсанда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару қорларының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Бұл ағымдағы қаржы жылында саны бойынша он екінші купондық сыйақыны төлеу болып табылатынын атап өткен жөн. 2021 жылы инвесторларға төленген купондық сыйақының жалпы сомасы – 71,35 млрд теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ өтеген облигациялардың жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үші, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Желтоқсан 27, 2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 1 425 000 000 ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00007128 облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақыны уақытылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері  – 1 425 000 000 теңге.

Жеті жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 15 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 14 желтоқсанда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, активтерді басқару қорларының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Бұл ағымдағы қаржы жылындағы саны бойынша он бірінші купондық сыйақыны төлеу болып табылады. Инвесторларға төленген купондық сыйақылардың жалпы сомасы 2021 жылы – 68,8 млрд теңгеге жетті. Қазақстанның қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ өтеген облигациялардың жалпы саны 320 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үші, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Желтоқсан 14, 2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2,3 МЛРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КЕЗЕКТІ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007110 облигациялар бойынша бірінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 2 330 993 720 теңге құрады.

Бес жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 24 536 776 000 теңге сомасына 2020 жылғы 11 желтоқсанда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Желтоқсан 13, 2021

ҚОҚ ӨТЕГЕН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 320 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) облигацияларды 100 миллиард теңге сомасына өтеді. Осы шығарылым бойынша инвесторларға 108,5 млрд теңге төленді, оның ішінде 8,5 млрд теңге купондық сыйақы болып табылады. Екі жылдық облигациялар 100 млрд теңге сомасына 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 2019 жылғы 15-ші қарашада шығарылды. Бағалы қағаздар екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару жөніндегі қорлардың және брокерлік ұйымдар арасында өткізілді.

Ағымдағы жылы ҚОҚ инвесторларға 70 және 100 млрд теңгеге екі облигациялар өтемін және 64,175 млрд теңге жалпы сомасына купондық сыйақының сегіз төлемін жүргізді. Облигациялардың бүкіл кезеңінде ҚОҚ өтеген облигациялардың көлемі 320 млрд теңгеге жетті.

ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздары сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында шығарылады

ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздары сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Қараша 16, 2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

АО «Казахстанский фонд устойчивости» (Fitch Ratings «BBB»/прогноз «Стабильный», далее КФУ) сообщает о выплате первого купонного вознаграждения по облигациям KZ2C00007037. Размер выплаченного вознаграждения – 6,175 млрд тенге. Сумма купона на одну облигацию составила 95 тенге.

Двухлетние облигации на сумму 65 млрд тенге с купонной годовой доходностью 9,5% были выпущены 6 ноября 2020 года. Ценные бумаги реализованы среди рыночных игроков – банков второго уровня, страховых компаний, фондов по управлению активами и брокерских организаций.

Отметим, что это шестая по счету выплата купонного вознаграждения в текущем финансовом году. Общая сумма погашенных облигаций КФУ с момента регистрации на Казахстанской фондовой бирже составляет 220 млрд тенге.

В настоящее время биржевой портфель КФУ состоит из одно, двух, трех, пяти, семи и десятилетних облигаций, которые включены в корзину государственных ценных бумаг и выпускаются с целью реализации ипотечной программы «7-20-25» посредством выкупа ипотечных займов банков второго уровня и финансирования программы «Дорожной карты занятости».

КФУ является дочерней организацией Национального Банка Республики Казахстан.

Posted by / Қараша 8, 2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 24 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) өзінің шығарылған Z2C00006906 облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Инвесторларға  төленген сыйақының мөлшері 24 млрд теңге құрады.

Ұзақмерзімді  облигациялар 12% жылдық кірістілігімен 200 млрд теңге сомасына Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру мақсатында 2020 жылғы 21 қазанда шығарылды. Бағалы қағаздар институционалдық инвесторлардың, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару жөніндегі қорлардың  және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Бұл ағымдағы қаржы жылында саны бойынша бесінші купондық сыйақыны төлеу болып табылатынын атап көрсетеміз. Қазақстан қор биржасында  тіркелген сәттен бастап ҚОҚ өтеген облигациялардың жалпы саны 220 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және онжылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру және Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Қазан 27, 2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 70 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) 70 млрд теңге сомасындағы KZ2C00006211 екі жылдық облигацияларын толық және уақытылы өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақы мөлшері 5 950 000 000 теңгені құрады.

2019 жылғы 26 қыркүйекте жылдық купондық кірістілігі 8,5% болатын 70 млрд теңге сомасындағы облигациялар айналымға шығарылған болатын. Бағалы қағаздар екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары мен брокерлік ұйымдар арасында сатылды.

Бұл ағымдағы қаржы жылындағы төртінші купондық төлем екенін айта кету керек. Ал Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ өтеген облигациялардың жалпы сомасы 220 млрд теңгеге жетті.

Қазіргі уақытта ҚОҚ портфелі мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына кіретін бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. ҚОҚ облигацияларды «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру мақсатында шығарады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының операторы болып табылады.

Posted by / Қыркүйек 28, 2021